
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. БҚДА қызметкерлері құрмет грамоталары, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.
Әріптестерді ұлттық мерекемен құттықтай отырып, БҚДА Төрағасы Марат Омаров былай деді:
«БҚДА ұжымы бәсекелестікті дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Бұл еліміздің жаңа экономикалық саясатының бірінші бағыты. Сондықтан көп дүние БҚДА жұмысына байланысты. Біздің ұжым, менің ойымша, патриоттардан тұрады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істей отырып, біз елімізге пайда әкелеміз. Бізде жыл соңына дейін үлкен жоспарлар бар. Тағы да Республика күнімен құттықтаймын».
Қазақстан Республикасы Президентінің «Құрмет» орденімен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша БҚДА департаментінің басшысы Хамзин Марлен Викторович марапатталды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен БҚДА Төрағасының орынбасары Әлжан Ерлан Ибрагимұлы марапатталды.
Сондай-ақ, орталық аппарат пен аумақтық департаменттердің 62 қызметкері Марат Омаровтың атынан республика күніне орай алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз, жұмыста одан әрі табыс және зор денсаулық тілейміз!