
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілетін өзгерістер шеңберінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) реттеушілік әсерге талдау жүргізді.
Болжамды өзгерістер мемлекеттік монополия субъектілерінің кәсіпкерлік Кодекстің 193-бабының 6-тармағында белгіленген шектеулердің арнайы құқығын сақтауын қозғайды.
Осыған байланысты Агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген реттеуші құралдардың реттеушілік әсеріне және (немесе) талаптарға талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес 2023 жылғы 7 қарашада 16:00-де экономикалық шоғырланудың жоғарыда аталған мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Қоғамдық талқылауға қатысу үшін үміткерден құжатын 74-33-05 нөмірі бойынша және электрондық мекенжайға ұсынуыңызды сұраймыз: m.beisenbaev@azrk.gov.kz.