ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША РЕТТЕУШІЛІК ӘСЕРДІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ШОҒЫРЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША РЕТТЕУШІЛІК ӘСЕРДІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУ

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне енгізілетін өзгерістер шеңберінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) реттеушілік әсерге талдау жүргізді.

Болжамды өзгерістер экономикалық шоғырлануды реттеу саласының мынадай мәселелерін қозғайды: 1) экономикалық шоғырлануға мәмілелерді келісу шегін төмендету; 2) экономикалық шоғырланудың жаңа түрін енгізу; және 3) экономикалық шоғырлануға мәміле жасау кезінде шетелдік нарық субъектілерінің салалық мемлекеттік органның және Ұлттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның қорытындысын ұсыну қажеттілігін белгілеу.

Осыған байланысты Агенттік Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген реттеуші құралдардың реттеушілік әсеріне және (немесе) талаптарға талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес 2023 жылғы 7 қарашада 15:00-де экономикалық шоғырланудың жоғарыда аталған мәселелері бойынша қоғамдық талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.

Талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Қоғамдық талқылауға қатысу үшін үміткерлерден электрондық мекенжайға ақпарат жіберуді сұраймыз:

a.kudaikulova@azrk.gov.kz.