РЕТТЕУШІЛІК ӘСЕРДІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУЫ

РЕТТЕУШІЛІК ӘСЕРДІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес 2023 жылғы 6 қарашада сағат 18:00-де ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін заңнамалық шоғырландыру және әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша және монополияға қарсы органға тауар биржаларының қызметімен айналысу құқығына лицензияларды тоқтата тұру және одан айыру (кері қайтарып алу) жөніндегі құзырет беру туралы реттеушілік әсерді талдау (бұдан әрі – РӘТ) нәтижелері орналастырылатыны туралы хабарлайды.

РӘТ нәтижелерін қоғамдық талқылау 2023 жылғы 6-8 қараша аралығында онлайн режимінде өтеді.

Талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Толық ақпаратты 8(7172) 74-33-11 телефон нөмірінен біле аласыздар.