ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ: БҚДА МЕН НАРЫҚ САРАПШЫЛАРЫ DIGITAL BRIDGE ФОРУМЫНДА ТАЛҚЫЛАДЫ

ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ: БҚДА МЕН НАРЫҚ САРАПШЫЛАРЫ  DIGITAL BRIDGE ФОРУМЫНДА ТАЛҚЫЛАДЫ

Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров Digital Bridge 2023 форумында сөз сөйлеп, Қазақстандағы цифрлық экономикаға деген көзқарасымен және осы қарқынды дамып келе жатқан секторды реттеудің маңыздылығымен бөлісті.

Марат Омаров өз сөзінде мобильді құрылғылар санының қарқынды өсуі және қаржы технологиялары, тауарлар мен азық-түлік жеткізу сияқты инновациялық жергілікті сервистердің пайда болуы елдегі цифрлық экономиканың өскенін айғақтайтынын атап өтті. Қазақстан азаматтары жаңа сервистерге белсенді қызығушылық танытып, онлайн-төлемдер жасауға дайын.

Алайда, Марат Омаров атап өткендей, Қазақстандағы цифрлық экономика нарығы әлі де аз және көптеген компаниялар дамудың орташа деңгейіне жете алмайды. Қазақстанда белсенді пайдаланылатын цифрлық платформаларды заңды тіркеудің болмауы да маңызды мәселе, бұл нарықтың шектелгенін көрсетеді.

Цифрлық дәуірдің басталуымен монополияға қарсы заңнаманың негізгі санаттары айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Марат Омаров «ойынның» ашық және тең ережелерінің маңыздылығына, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының сапалы инновациялық сервистерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға баса назар аударды.

Қолданыстағы заңнама жаңартуды талап етеді, ал БҚА жаңа сын – тегеуріндерге дұрыс бейімделу үшін бас стейкхолдерлер - Қазақстан азаматтарының да, бизнес өкілдерінің де проблемаларын назарға алуға дайын.

«Біздің негізгі клиентіміз-Қазақстан азаматы. Ол үшін не маңызды – сапалы, инновациялық қызмет және қызметтер арасындағы таңдау. Осының бәрімен бірге біз реттеуді қалыптастыратын боламыз», - деді Марат Омаров, монополияға қарсы орган нарық қатысушыларымен ойын ережелерін ашық талқылауға дайын екенін айтты.

Марат Омаров өз сөзін цифрлық экономиканың дамуы мен реттеу теңдік пен ашықтық қағидатын сақтай отырып, дамушы секторлардың өсуіне қолдау көрсетіп, ықпал етуі тиіс деген сеніммен аяқтады.

Марат Омаровпен пікірталасқа Glove-тің билікпен байланыс жөніндегі жаһандық директоры Уильям Бенталл, Kaspi.kz Басқарушы директоры Сабыржан Беркінбаев, Kolesa Group бас директоры Дмитрий Ботанов, GR Ozon бағыты басшысының орынбасары Мұхамед Хамуков және Aliexpress ТМД мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі бас директордың орынбасары Сергей Лебедев.

Мамандар әлемдік деңгеймен салыстырғанда қазақстандық цифрлық платформалар сервистерінің деңгейін, монополияға қарсы реттеушіге компанияларды тежеу немесе оларға жәрдемдесу қажет пе және қазақстандық маркетплейстердің цифрлық алпауыттармен қалай бәсекелесу керектігін талқылады.

Панельдік сессия: «Қазақстанның Цифрлық нарықтары. Digital Bridge 2023-те» цифрлық алыптармен бәсекелестік» Цифрлық Қазақстан қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.