БҚДА: БАЙЛАНЫС НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ РЕТТЕУ МАҢЫЗДЫ

БҚДА: БАЙЛАНЫС НАРЫҒЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ РЕТТЕУ МАҢЫЗДЫ

                 ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Көлік және байланыс департаменті директорының орынбасары Жанна Қабдолдақызы «Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы  «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып, байланыс нарығын дамыту үшін Агенттік тарапынан жасалып жатқан қадамдарды айтып берді.   

               Интернет сапасы пен байланыс саласындағы түйткілді мәселелер арқау болған бағдарламада Жанна Қабдолдақызы бірінші кезекте бәсекелестікті дамыту керектігін алға тартты. Себебі бүгінде Қазақстандағы ұялы байланыс нарығы дуополистік болып саналады. Демек, нарықта тек 2 субъекті – 60%-дан астам үлесі бар «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы («Kcell» АҚ, «Мобайл Телеком – Сервис» ЖШС: Tele2 / Altel), сондай-ақ «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) жеке операторы бар.

               Нарыққа мемлекеттік шамадан тыс араласуы мен монополия кесірінен операторлар арасында клиент үшін бәсекелестік төмендеген, байланыс бағасы өсіп, абонементтер сұрамаған қызметтерді жүктеген, сондай-ақ байланыс және интернет қызметтерінің сапасына шағымдар артқан.

                2022 жылы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне тарифтерді ұлғайтуға және қосымша қызметтерді біржақты тәртіппен қосуға қатысты 350-ден астам шағым түссе, Агенттікке осы кезеңде тарифтер құны көтерілгендіктен қазақстандақтардан 100-ден астам ресми шағым келген.

               Сондықтан қазіргі таңда Агенттік аталмыш нарықты монополиядан арылту үшін Жарлық дайындалуда. Оның жобасына «Қазақтелеком» АҚ тарапынан бір операторды бөлек нарық субъектісі (ойыншысы) ретінде шығаруды ұсынған. Сондай-ақ Агенттік тарапынан бәсекелестікті дамыту үшін заңжобасы да қолға алынған. Бұл құжаттар елдегі байланыс нарығын реттеуге сеп болмақ. 

Бағдарламаның толық нұсқасына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=f01hlgvgGXo