Құс фабрикасының атына Қостанай облысының монополияға қарсы органы алдын ала ескерту жасады

Құс фабрикасының атына Қостанай облысының монополияға қарсы органы алдын ала ескерту жасады

2020 жылғы 27 сәуірінде «Агроинтерптица» ЖШС басшылығымен төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін өнімнің, оның ішінде тауық жұмыртқасына бағаны көтеру ниеті туралы мәлімдеген.

Көпшілік алдында мәлімдеме құс өсірушіге жоғары бағаны ұстап тұру бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттер бөлігінде, монополияға қарсы заңнаманы бұзу мүмкіндігі туралы ескертетін актіні енгізуге негіз болды.

 Бәсекелестердің бірі ретіндегі өндірушінің іс-әрекеті басқа өндірушілердің жұмыртқа мен құсқа, оның ішінде Қостанай облысынан тыс жерлерде бағаның бірмезгілдік артуына шақыруын білдіруі мүмкін.

Егер нарық субъектілерінің іс-әрекеттері олардың біреуінің осындай іс-әрекеттер жасау туралы жария мәлімдемесіне байланысты олардың әрқайсысына алдын ала белгілі болса, бағаларды белгілеу және ұстап тұру бәсекелестікке қарсы деп танылады және тыйым салынады.

Нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттері монополиялық табысы тәркіленіп, монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) 3% - дан 5% - ға дейінгі айналымдық айыппұл салуға әкеп соғатынын естеріңізге саламыз.