
Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен немесе конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жарияламай, жарғыда көзделмеген қызмет түріне мемлекеттік кәсіпорынмен тікелей шарттар жасасу жолымен нарық субъектілерінің тауар нарығына қол жеткізуін шектеу үшін, «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не және «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатыста Жамбыл облысы бойынша монополияға қарсы орган бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзуды тоқтату туралы хабарлама шығарды.
Хабарлама алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.