«Нұр-сұлтан» құрылыс материалдарының жеткізушілері мен өндірушілеріне хабарлама берілді

«Нұр-сұлтан» құрылыс материалдарының жеткізушілері мен өндірушілеріне хабарлама берілді

Құрылыс нарығында баға жағдайы туралы ақпаратты зерделеу кезінде пішінделген төсеніштің (профильдің биіктігі 60 мм мырышталған, қалыңдығы 0,5 мм) өткізу бағасының 11,0% - ға, В25 класты ауыр бетон 6,1% - ға, керамикалық кірпіш (М100 және М150 маркалары) 11,1% - ға, қадалар 8,0% - ға, тығыз тау сұрыпынан жасалған қиыршық тас 19,0% - ға өсуі байқалады.

Мысалы: жыл басына бетонның орташа бағасы 18 769 теңге, сәуір айына бағасы 19 389 теңге.

Зерделенген мәліметтердің нәтижелері бойынша өнім берушілер мен өндірушілер тарапынан сату бағасын негізсіз көтеру белгілері қаралады.

Өнім берушілер мен өндірушілердің атына өткізу бағасын төмендету арқылы жоғарыда көрсетілген құрылыс материалдарының бағасын белгілеу және ұстап тұру бойынша келісілген іс-әрекеттерді тоқтату туралы хабарлама жолданды.