Көкөніс өнімдерін көтерме өткізушіге қатысты тергеп-тексеру рәсімі тағайындалды

Көкөніс өнімдерін көтерме өткізушіге қатысты тергеп-тексеру рәсімі тағайындалды

Картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат бағасын ұстап тұру белгілерін тоқтату қажеттілігі туралы Қостанай облысы бойынша БҚДК департаментінің хабарламасын орындамағаны үшін "Садовод" ШҚ көтерме өткізушіге қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылу мәніне тергеп-тексеру басталды (Кәсіпкерлік Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 1-тармақшасы).

Көкөніс бағасының өсуіне байланысты Департаментпен картопты, сәбізді, пияз мен қырыққабатты сату кезінде келісілген іс-әрекеттердің (бірнеше өндірушілердің, көтерме өткізушілердің бағаларының бір мезеттік негізсіз өсуінің) белгілеріне қарай хабарлама шығарылды.

Екі өнім беруші (Терра ШҚ және Олжа Ақ-құдық ЖШС) хабарлама уақытылы орындалды.

Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 2-тармағы тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығару үшін негіз болып табылады.