Қантты өткізушілерге қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары шығарылды

Қантты өткізушілерге қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары шығарылды

Қант бағасының өсуіне байланысты Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаментімен көтерме өткізушілерге және ірі бөлшек қант өткізушілерге қатысты келісілген іс-әрекеттердің белгілерін тоқтату және жою қажеттілігі туралы хабарлама шығарылды (өткізу бағасының өсу қарқыны сатып алу бағасынан өсу қарқынынан  аса жоғарылауынан көрініс тапқан, бірмезгілдік негізсіз бағаның өсуі).

Үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша объективті ақталмаған себептерсіз қантты сатуға арналған әртүрлі бағаларды қолдануға жол бермеу туралы хабарлама енгізілді.

Хабарламаларды орындау мерзімі келген жоқ.