Шекті бағаларын асырғаны үшін автожанармай құю станциясына қатысты ұйғарым шығарылды

Шекті бағаларын асырғаны үшін автожанармай құю станциясына қатысты ұйғарым шығарылды

Ағымдағы жылдың 7 сәуірінен бастап автогаз құю станцияларында автокөлікті толтыру үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуге шекті баға белгілеу туралы құқықтық акт күшіне енді. Қостанай облысының шекарасында шекті баға литріне 65 теңгені құрайды (ҚҚС есебімен).

"К. Аппазов" ЖК – Аманкелді ауылының автожанармай құю станциясына қатысты автогазды 85 теңге бағасымен сатқаны үшін бір күндік мерзімде бағаны 65 теңгеден аспайтын деңгейге дейін төмендету арқылы монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзуды тоқтату туралы ұйғарым шығарылды.

Нұсқама литр үшін бағаны 85-тен 65 теңге төмендету арқылы уақытылы орындалды.