БҚДА ДСҰ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КҮШЕЙТЕДІ

БҚДА ДСҰ-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КҮШЕЙТЕДІ

             ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (Агенттік) қызметкерлері Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. 

            Биыл 13-15 қыркүйек аралығында Қазақстанның сауда саясатын шолу бойынша Баяндама жобасын дайындау аясында Қазақстан ДСҰ-ға кірген сәттен бастап ДСҰ Хатшылығының өкілдерімен негізгі бағыттар бойынша, оның ішінде бәсекелестік саласындағы саясат бойынша салалық мәселелерді талқылау үшін Қазақстанның мемлекеттік органдарымен бірқатар кездесулер жоспарланған.

             Айта кетейік, ДСҰ миссиясын сауда саясатын шолу бөлімінің кеңесшісі Рикардо Барба, сондай – ақ сауда саясатын шолу бөлімінің сауда саясаты жөніндегі талдаушысы Розен Маринов бастап келген.

              Кездесу барысында ДСҰ Хатшылығының өкілдері Агенттіктің халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы А.Т. Баймаканова және бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті директорының орынбасары Р.Е. Пасечко 2015 жылдан бастап (Қазақстанның ДСҰ-ға кірген жылы) Қазақстанның бәсекелестік заңнамасының негізгі реформалары, сондай-ақ оның даму перспективалары туралы баяндады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының бәсекелестік заңнамасын жаңғырту барысында жекелеген нүктелік өзгерістерді есептемегенде 5 монополияға қарсы пакет қабылданғанын атап өтті.

              Екіжақты кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстанның сауда саясатына шолу жүргізу шеңберінде ДСҰ-ның Қазақстанның монополияға қарсы органымен ынтымақтастығын жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.