«Тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оны пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын заңмен бекітуге бастамашылық жасауға, сондай-ақ нарық субъектісіне заңмен арнайы құқық беруге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын жарияланды

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Ашық НҚА» порталында «Тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оны пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын заңмен бекітуге бастамашылық жасауға, сондай-ақ нарық субъектісіне заңмен арнайы құқық беруге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын (бұдан әрі- Жарлық) орналастырғандығы туралы хабарлайды.

Жарлық жобасында тауарды өндіруге және (немесе) сатуға, сатып алуға немесе оны пайдалануға мемлекеттің айрықша құқығын заңмен бекітуге бастамашылық жасауға, сондай-ақ нарық субъектісіне заңмен арнайы құқық беруге уақытша тыйым салу мәселесі қаралады.

Барлық мүдделі тұлғаларды Жарлық жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, сонымен бірге сілтеме бойынша «Ашық НҚА» порталында танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14701989

Жарлық жобасына қатысты ескертулер мен ұсыныстарды төмендегі электрондық мекенжайда қабылданады o.kaliakper@azrk.gov.kz