«ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП АЙЫРЫСУ-ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ТАЛАБЫН ОРЫНДАДЫ

«ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП АЙЫРЫСУ-ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ТАЛАБЫН ОРЫНДАДЫ

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Астанинская ЭнергоСбытовая компания» ЖШС-нің (бұдан әрі –  Өтініш беруші) өтінішін қарастыру кезінде «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-нің (бұдан әрі – «ЕАҚ» ЖШС) әрекетінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 5) тармақшасында көзделген, 30 күнтізбелік күн ішінде шарт жасасу туралы ұсынысқа жауап бермеу арқылы шарт жасасудан негізсіз бас тарту немесе жалтару бөлігінде, үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бар екенін анықтады.

Осылайша, Өтініш берушінің өтінішін қарау шеңберінде, Өтініш беруші электрмен жабдықтаушы ұйым ретінде электр энергиясының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсетуге шарт жасасу туралы құжаттармен «ЕАҚ» ЖШС-не бірнеше рет жүгінгені анықталды.

Алайда, «ЕАҚ» ЖШС міндеттемелерді тиісінше орындамау және 2019 жылы бұрын жасалған келісім бойынша берешек бар екендігіне сілтеме жасап, шарт жасасудан бас тартқан.

«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдар бірыңғай сатып алушымен шарт жасасуға міндетті екенін атап өткен жөн, осыған байланысты «ЕАҚ» ЖШС-нің әрекеті электр энергиясының бөлшек сауда нарығында кедергілер тудырған.

Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 7 қыркүйектегі №357 «Бірыңғай сатып алушыны анықтау туралы» бұйрығының 1-тармағына сәйкес «ЕАҚ» ЖШС электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын бірыңғай сатып алушы болып айқындалды.

2022 жылғы 31 желтоқсандағы жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтерді көрсету нарығында Департамент жүргізген талдау нәтижелері бойынша «ЕАҚ» ЖШС монополиялық жағдайға ие болғандығы айта өткен жөн.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Департаментпен «ЕАҚ» ЖШС-не нарық субъектісінің іс-әрекетінде заң бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберілді.

Хабарлама орындалды.