
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментімен «Астана-ЕРЦ» ЖШС-нің коммуналдық төлемдерді тарату қызметтері нарығындағы іс-әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көзделген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталды.
«Астана-ЕРЦ» ЖШС ақпаратына сәйкес, 2018-2020 жылдар аралығында «Астана-ЕРЦ» ЖШС мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС арасында түбіртектерді тұтынушыларға жеткізу бойынша жасалған келісім-шарт жасалмаған.
Ақпаратты талдау, оның ішінде «Астана-ЕРУ» ЖШС ұсынған шарттарды талдау кезінде «Астана-ЕРЦ» ЖШС контрагенттерге әртүрлі шарттарды қолданатыны, атап айтқанда, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-не қызметтерді өтеусіз және келісім-шартсыз көрсету бөлігінде артықшылық бергені анықталды.
Осылайша, «Астана-EРЦ» ЖШС-нің әрекетінде Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 2) тармақшасында көзделген әртүрлі бағаларды қолдану тауарды өндіруге, өткізуге және жеткізуге жұмсалатын әртүрлі шығындарға, сату көлемі, ақы төлеу шарттары, шарттың қолданылу мерзімдері ескерілетін жеңілдіктер жүйесінің кемсітпеушілік қолданылуына байланысты болатын жағдайларды қоспағанда, нарық субъектiлерiмен немесе тұтынушылармен жасалған мәні бірдей келiсiмдерге объективті түрде ақталмайтын себептермен әртүрлi бағаларды не әртүрлi шарттарды қолдану сияқты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері көрініс тапты.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Департаментпен «Астана - ЕРЦ» ЖШС-не нарық субъектісінің іс-әрекетінде заң бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама жіберілді.
Хабарлама орындалды.