БҚДА МЕН ЭЫДҰ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

БҚДА МЕН ЭЫДҰ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ  ЖАҢА БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Аппарат басшысы Алмас Исаковтың Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) миссиясымен, ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы мемлекеттің қатысуымен Заңды тұлғаларды корпоративтік басқару бойынша ауқымды шолу жүргізу шеңберінде кездесуі өтті.

Миссияны Корпоративтік басқару және корпоративтік қаржы басқармасы басшысының орынбасары және аға экономисі Ханс Кристиансен, сондай – ақ корпоративтік басқару бөлімі – Қаржы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі басқарма саясатының талдаушысы Талиса Цур Хаузен басқарды.

Тараптар елдің бәсекелестік саясатының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ корпоративтік сектордағы монополияға қарсы реттеудің өзекті мәселелерін талқылады.

Аталған кездесу ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.

Анықтама: Мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды корпоративтік басқару бойынша шолу елдің корпоративтік басқару жағдайын бағалауға бағытталған. Шолу қорытындылары Қазақстанның ЭЫДҰ-ның мемлекеттік компанияларды корпоративтік басқару жөніндегі басшылық қағидаттарына қосылу ниетін қарау нәтижелеріне әсер етеді.