"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ" ЗАҢ ЖОБАСЫНА РЕТТЕУШІ САЯСАТТЫҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК ҚҰЖАТЫНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

"ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕЙБІР ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРІНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ" ЗАҢ ЖОБАСЫНА РЕТТЕУШІ САЯСАТТЫҢ КОНСУЛЬТАТИВТІК ҚҰЖАТЫНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының (бұдан әрі – консультативтік құжат) жобасын орналастыру туралы хабарлайды.

Консультативтік құжатта отын-энергетикалық кешен нарығында баға белгілеу, ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін жиіліктерді бөлу, тауар биржаларының қызметін реттеу, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту, ақпарат пен дерекқорларға қол жеткізу, ұжымдық талап қою институтын енгізу және т. б. мәселелер қаралады.

Барлық мүдделі тараптарды консультативтік құжаттың жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен сілтеме бойынша "Ашық НҚА" порталында танысуға болады

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14698103.

Жобаға ескертулер мен ұсыныстар да электрондық мекенжайға қабылданады a.kalymbetuly@azrk.gov.kz.