Экономикалық қызметті үйлестіру – іс-әрекеттердің келісілуі

Экономикалық қызметті үйлестіру – іс-әрекеттердің келісілуі

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 169-бабының 5-тармағына сәйкес, Кодекстің 169-бабының 1-3-тармақтарында көзделген салдарларға әкеп соғуы мүмкін, әкеп соқтыратын немесе әкеп соққан нарық субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестіруге тыйым салынады.

Осы құқық бұзушылықты саралау үшін мынадай шарттар қажет:

1) үш және одан да көп нарық субъектілерінің: 1 үйлестіруші және кемінде 2 үйлестірілетін нарық субъектісінің болуы;

2) үйлестіруші үйлестіру жүзеге асырылатын сол тауар нарығында қызметті жүзеге асырмауы тиіс;

3) үйлестіруші және үйлестірілетін нарық субъектілері бір тұлғалар тобына кірмеуі тиіс;

4) нарық субъектілерінің іс-қимылдарын келісу, яғни тікелей үйлестірудің өзі;

5) Кодекстің 169-бабының 1-3-тармақтарында көзделген салдарлар.

Аталған құқық бұзушылық үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 159 бабына сәйкес 150 АЕК-тен (416 700 теңге) 1000 АЕК-ке (2 778 000 теңге) дейінгі мөлшерде тіркелген айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген.