
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша 2023 жылғы 10 тамыздағы № 198/НҚ бұйрығымен Бәсекелестікке әсерді бағалауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілді.
Бәсекелестікке әсерді бағалау реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
Осылайша, бәсекелестікке әсерді бағалау реттеуші әсерді талдау кезеңдерінің бірі болып табылады.
Қағидаларда бәсекелестікке әсерді бағалауды жүргізу мерзімі, мақсаттары, сондай-ақ негізгі кезеңдері, рәсімдері мен талаптары көзделген.
Қағидалардың 3-тармағына сәйкес әзірлеуші орган бәсекелестікке әсерді бағалауды жүргізу үшін Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы ақпаратты қоса бере отырып, тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын монополияға қарсы органға жібереді.
Бәсекелестікке әсерді бағалауды жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды.
Бәсекелестікке әсерді терең бағалауды жүргізу қажет болған жағдайда көрсетілген мерзім бір реттен аспайтын мерзімге және он бес жұмыс күні мерзіміне ұзартылуы мүмкін.
Бұл ретте, Қағидалардың 14-тармағына сәйкес талдамалық нысан (монополияға қарсы органның қорытындысы) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін реттеушілік әсерді талдау нәтижелеріне міндетті қосымша болып табылады.
Қағидалармен толығырақ сілтеме арқылы танысуға болады https://zan.gov.kz/client/#!/doc/184950/rus , https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/512375?lang=kk
Ескерту: Қағидалар 2023 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.