
Автогаздың шекті бағасын 67 теңгеге дейін жоғарылатқаны үшін Арқалық қ.автожанармай құю станциялары «Ар - газ» ЖШС және «Мырзағалиева Г. К.» ЖК қатысты, бағаны литріне 65 теңгеден аспайтын деңгейге дейін төмендету арқылы монополияға қарсы заңнама нормаларын бұзуды тоқтату туралы ұйғарым шығарылды.
Қостанай облысының географиялық шекарасында шекті баға литріне 65 теңгені құрайды.
Монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамау шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
«Ар-газ» ЖШС және «Мырзағалиева Г. К.» ЖК нұсқаманы орындау мақсатында, автогаз бағасы литріне 65 теңгеге дейін төмендегенін хабарлады.