Жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізушілер 15 хабарлама алды

Жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізушілер 15 хабарлама алды

Жеміс-көкөніс өнімдерін (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) көтерме өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша нарық субъектілерінің қызметінде Ақтөбе қаласында жеміс-көкөніс өнімдерінің (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) бағасын белгілеуге және ұстап тұруға бағытталған келісілген іс-әрекеттер белгілері байқалды.

Көтерме сатушыларымен жеміс-көкөніс өнімдерін (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) өткізу бағасын бір уақытта бір деңгейде қойылғаны анықталды.

Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында Ақтөбе облысы бойынша Департаментімен жеміс-көкөніс өнімдерін (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) көтерме өткізушілердің атына олардың әрекеттерінде келісілген әрекеттер белгілерінің бар екендігі туралы 15 хабарлама шығарылды.

Хабарлама алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.