
Өткізілген талдау нәтижелері бойынша жеміс-көкөніс өнімдерін (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) көтерме сауда да өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілері қаралды.
Бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында Комитеттің Атырау облысы бойынша департаментпен жеміс-көкөніс өнімдерін (қырыққабат, картоп, пияз, сәбіз) көтерме жеткізушілердің атына 8 хабарлама шығарылды. Хабарламалар алған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде орындалуға жатады.