
Комитеттің ШҚО бойынша департаментіне «Өскемен қаласының жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі» ҚБ-нің ЖК И. В. Антоненконың көтерме қоймасында қант бағасын көтеру және оны іске асыруды шектеу туралы өтініші келіп түсті.
Өскемен қаласында қантты көтерме саудада өткізу бойынша тауар нарығына жүргізілген талдау, осы субъект қантты көтерме саудада өткізудің тауар нарығында үстем жағдайға ие екенін көрсетті.
Оның іс-әрекетінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері қаралды, атап айтқанда өтініш беру сәтінде мүмкіндігі болған кезде жекелеген сатып алушылармен тауарды өткізуден негізсіз бас тарту, тауарларды жеткізу көлемін негізсіз қысқарту немесе жеткізуді тоқтату, сондай-ақ егер мұндай алып қоюдың нәтижесі тауар бағасын арттыру болып табылса, тауарды айналыстан алып қою.
ЖК атына оның әрекеттерінде бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолданды.
Хабарлама толық көлемде орындалды.