
Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаментімен «Қостанай «Халықаралық әуежайы» АҚ-на қатысты авиаотынды өткізудің монополиялық жоғары бағасын белгілеу белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қостанай облысының географиялық шекарасында авиакеросинді өткізу қызметі бойынша үстем жағдайға ие Қостанай қаласы әуежайының өткізу бағаларын талдау жоғары бағаны белгілеу белгілерін көрсетті.
Монополияға қарсы заңнамаға сәйкес монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі тергеп-тексеру жолымен анықталады.