
Монополияға қарсы органмен 2020 жылғы 17 сәуірде «Павлодар электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ-ның 2020 жылғы 26 ақпандағы № ПС-21-27-1399 өтініші негізінде, бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаментінің қорытынды жобасын қарау бойынша келісу комиссиясының отырысы өткізілді.
ҚР енгізілген төтенше жағдайды назарға ала отырып, аталған келісу комиссиясы бейнеконференция арқылы қашықтықтан өткізілді.
Келісу комиссиясына монополияға қарсы органның өкілдері, тергеп-тексеру объектісінен тәуелсіз сарапшы, ҚР энергетика министрлігінің, «ҚР кәсіпкерлер және қызмет көрсетушілер қауымдастығы» ЗТБ-ның және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Аталған отырыстың қорытындысы бойынша, келісу комиссиясының мүшелері лауазымды тұлғаларға комиссия мүшелерінің және тергеп-тексеру объектісінің ескертулерін ескере отырып, қорытынды жобасын пысықтауға ұсыныс жасады.
Келісу комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда лауазымды тұлғалар дәлелді қорытынды жасауға құқылы, оны келісу комиссиясымен қайта қаралатын болады.