
АВТОКӨЛІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БӨЛШЕК САУДА БАҒАСЫН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ БҰЙРЫҚ ШЫҚТЫ
Бүгін, яғни 2023 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 30 маусымдағы №8 бұйрығы күшіне енді. Құжатта көтерме бағалардың өсуіне байланысты автогаздың бөлшек саудасындағы бағаларының шекті деңгейлерінің өзгеруі келтірілген.
Энергетика министрінің биыл 26 маусымдағы №238 бұйрығымен сұйытылған мұнай газының көтерме бағасы 1 литр үшін 4 теңгеге ұлғайды. Сондай-ақ, осы жылдың сәуір айында Табиғи монополияларды реттеу комитеті автогазды темір жол көлігімен тасымалдау кезінде тарифті өсірді, тиісінше нарық субъектілерінің темір жол арқылы газ жеткізуге арналған шығыны 1 литр үшін 2 теңгеге дейін артты.
Газды сатып алуға және тасымалдауға автогаз құю станцияларының шығындарын ұлғайту, сонымен қатар, бөлшек сауда бағасын пропорционалды түзетуді қажет етеді.
Автогаз құю станцияларының газ саудасы кезінде шығынға жол бермеу үшін және өңірлерде оның тапшылығының алдын алу мақсатында темір жолдармен тасымалдауды талап етпейтін (немесе елеусіз қашықтықта) өңірлерде литрінің шекті деңгейлі құнынан 4 теңгеге өсті. Зауыттардан тұтыну орындарына дейін теміржол көлігімен газ жеткізудің едәуір қашықтығына байланысты бағаның өзгеруі талап етілетін өңірлерде литрі 6 теңгеге ұлғайды.
Қабылданған бұйрықпен интернет-ресурста танысуға болады
https://zan.gov.kz/client/#!/search/results/jdn=32979
Анықтама:
ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 20-бабының 5-тармағына сәйкес ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Энергетика министрлігі СМГ-на көтерме бағаны ҚҚС-сыз 33 600 теңгеден 40 320 теңгеге дейін көтерді (20% - ға). Бұл 1 литрге (ҚҚС-пен) бөлшек сауда бағасының 4 теңгеге пропорционалды өсуін талап етеді.
Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ҚР ҰЭМ ТМРК тарапынан темір жол тасымалының реттелетін тарифтері 28% - ға көтерілді, бұл темір жол жеткізуді талап ететін өңірлерде ҚҚС-пен бөлшек саудада 2 теңге/литрге әсер етеді.
Мемлекет басшысы 2023 жылдың 29 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық айналымын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойғанын атап өтеміз. Осы Заңда монополияға қарсы органнан сұйытылған газға бөлшек сауда бағаларын бекіту жөніндегі құзыретті Энергетика министрлігіне беру көзделген.
Қабылданған Заңмен осы жерде танысуға болады