
Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті «Бизнеске жол» жобасы аясында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ (бұдан әрі – Акционерлік қоғам) бәсекелестік ортаға негізсіз араласуына қатысты «Бірлік газ» кәсіпкерлер қауымдастығының өтініші шеңберінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен (бұдан әрі-БҚДА) тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйі және тұтынушыларды табиғи газға (үйішілік газ желілері) қосу кезінде ҚМЖ нарығында мемлекеттік компанияның қатысуын талдап, оның орынды емес екендігін анықтады.
2019-2023 жылдары 6,3 мыңнан астам елді мекен газға қосылып, 11,6 мыңнан астам тұтынушы көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл, әрине, ҚМЖ қызметіне жоғары сұранысты арттырды.
Акционерлік қоғамның ҚМЖ мердігерлері мен ҚМЖ тәуелсіз жеткізушілерінің құнын талдау мен салыстыру кезінде бағалар бір диапазонда және (кейбір аймақтарда Акционерлік қоғам мердігерлерінің қызмет құны жеке компаниялардың ұқсас қызметтерінен жоғары) және газдандыру қарқынына әсері шамалы екенін көрсетті.
Демек, Акционерлік қоғам ұсынатын баға ҚМЖ нарығында онсызда неғұрлым қолжетімді ұсыныстардың болуына байланысты бәсекелестігі дамыған бұл нарықтағы бағаның индикаторы бола алмайды.
Осылайша, нарық бәсекеге қабілетті, оған 800-ден астам кәсіпкер үлесі бар. Тек Астана қаласының өзінде 141 кәсіпкер бар.
Осылайша, Акционерлік қоғам доминантты жағдайда ие бола отыра, ЖШС-нің бірімен ҚМЖ-ға шарт жасасқан, сондықтан кәсіпкерлер қосалқы мердігерлік ұйымдар ретінде жұмыс істеуге мәжбүр болған.
Сондай-ақ, мемлекеттің тікелей араласуынсыз газдандыру қарқынын жеделдету мақсатында БҚДА тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде а.ж. 22 маусымда БҚДА Акционерлік қоғамға ҚМЖ нарығында, оның ішінде осы жұмыстарды бөгде ұйымдардан сатып алу арқылы жүзеге асыруды тоқтату қажеттілігі туралы ұйғарым шығарды.
Нұсқаманы орындауға 15 күнтізбелік күн берілді.