
«Яндекс Такси Казахстан» ЖШС атқарушы директоры Шапиев Т.О. такси қызметі бағасының өсуіне әсер ететін сапарларға сұраныстың жоспарланған өсуі туралы жария мәлімдемесіне сәйкес, монополияға қарсы орган алдын ала ескерту шығарды.
Алдын ала ескертуге сәйкес тауар нарығындағы жоспарланған мінез-құлық туралы осындай жария мәлімдемелер, егер нарық субъектілері оларды іс-қимылға басшылық ретінде қабылдайтын болса, такси қызметі бағасының көтерілуіне әкелуі мүмкін.
Бұдан басқа, такси қызметтеріне бағаның өсуіне байланысты Алматы қаласы мен Республиканың басқа да өңірлерінде нарық субъектілерінің іс-әрекеттері баға келісімі белгілерінің болуы тұрғысынан қарастырылуда.
Оларды анықталған жағдайда монополияға қарсы органмен қосымша ден қою шараларын қабылданатын болады.