«ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

«ЕУРАЗИЯЛЫҚ ТАУАР БИРЖАСЫ» АҚ ЛИЦЕНЗИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ ТОҚТАТЫЛДЫ

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 35-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес лицензиатың лицензияның қолданылуын тоқтату туралы ерікті өтінішіне байланысты 2022 жылғы 26 тамыздағы № KZ47LDU00002923 «Еуразиялық тауар биржасы» АҚ-ның тауар биржалары саласындағы қызметпен айналысу құқығына тиісті лицензиясы қолданысын тоқтатты.

Заңның 35-бабының 3-тармағына сәйкес лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезден бастап, лицензиаттар жүзеге асыруға қолданысы тоқтатылған лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілген қызмет түрлерін (кіші түрлерін) немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығы жоқ екенін атап өтеміз.