7 МАУСЫМ - ҚАЗАҚСТАНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ

7 МАУСЫМ - ҚАЗАҚСТАНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТӨЛ МЕРЕКЕСІ

           Бәсекелестік саясат Қазақстанның экономикалық дамуының басым бағыттарының бірі. Үнемі Мемлекет басшысының жеке бақылауындағы мәселе.

           Президент Жарлығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін жеке мемлекеттік орган – бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрылды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет бәсекелестікті дамытуға белсенді сеп болатын жалпыұлттық міндетке айналды, бұл біздің еліміздің экономикасын дамыту үшін өте маңызды қадам еді.

            Монополияға қарсы орган жұмысының негізгі міндеті елімізде  адал бәсекелестікті дамытуға белсенді күш салу.

            Сондықтан бүгінгі төл мерекемізді әріптестеріміз бен серіктестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! 

            Сіздерге зор денсаулық және табыс тілейміз!