
ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Өскемен қаласы әуежайы» АҚ-ның (бұдан әрі-АҚ) ШҚО бойынша Департаментінің бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымын жоюға қатысты талап арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша АҚ әрекеттерінде үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі анықталды, атап айтқанда тұтынушылардың (жүк алушылардың) шектелмеген тобына «почта-жүк терминалында жүкті орналастыру бойынша» және «газды 3302 (аумақта) 15 минут ішінде немесе олардың бір бөлігі үшін пайдалану» қызметтері деп аталатын қосымша ақы төленетін қызметтерді таңу.
АҚ-да әуетасымалдаушымен жердегі қызмет көрсету туралы келісім бар екендігі анықталды. Келетін және кететін жүктерді (почтаны) өңдеу қызметі жердегі қызмет көрсету қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Нұсқамамен, тұтынушыларға (жүк алушыларға) қосымша ақы төленетін қызметтерді таңу жөніндегі іс-қимылды тоқтату және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген «қызметтерді» тұтынушылармен қайта есептеу жүргізу ұсынылды.
Және де, жоғарыда көрсетілген фактіге сәйкес Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 407 369 теңге (төрт жүз жеті мың үш жүз алпыс тоғыз теңге) әкімшілік айыппұл салына отырып, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.
Сот актілері заңды күшіне енген жоқ. АҚ оларға белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.