Электрмен жабдықтау қызметін жеткізушіге қатысты тергеп-тексеру аяқталды

Электрмен жабдықтау қызметін жеткізушіге қатысты тергеп-тексеру аяқталды

    Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментімен электрмен жабдықтау қызметін жеткізуші «Казэнергоорталық» ЖШС-ға қатысты үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың бұзылу белгілеріне тергеп-тексеру жұмыстары аяқталды.

   «Казэнергоцентр» ЖШС монополияға қарсы органның хабарламасын орындамаған. Атап айтқанда, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрмыстық тұтынушыларына 2016-2017жж. электрмен жабдықтау қызметіне ақы төлеу талаптарын қою бойынша іс-қимылдарды тоқтатқан жоқ.               Осылайша, тергеп-тексеру жүргізілді.

   Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша «Казэнергоцентр» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, «Казэнергоцентр» ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы Қарағанды облысы Жезқазған қалалық сотының қаулысы шығарылды.

      Жоғарыда көрсетілген сот қаулысы заңды күшіне енді.