
Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаментімен ЖШС «Тонус-KZ» азық-түлік тауарларын жеткізушімен Нұр-сұлтан қаласындағы «Шапағат коммуналдық базары» ЖШС атына дайын азық-түлік өнімдеріне бағаның алдағы көтерілуі туралы хабарлама жіберілгені анықталды.
Осы өнім берушінің атына ҚР монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша түрде алдын ала ескерту жіберілген.
Алдын ала ескертудің негізі тауар нарығындағы жоспарланған әрекеті туралы жария мәлімдеме болып табылады, егер мұндай әрекет ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса.