БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ӘСЕРДІ БАҒАЛАУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ  ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Қағидалардың жобасы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 83 бабы 1 тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және енгізілетін реттеуші құралдарға және (немесе) талаптарға қатысты бәсекелестікке әсерді бағалауды жүргізу тәртібін анықтайды.

Енгізілетін реттеуші құралды және талаптарды, реттеуді қатаңдатуды кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты бәсекелестік ортаның жай-күйіне әсерін бағалау, реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде жүргізіледі.

Ережелерде бәсекелестікке әсерді бағалауды жүргізу мерзімі, мақсаттары, сондай-ақ негізгі кезеңдері, рәсімдері мен талаптары көзделген.

Барлық мүдделі тараптарды қағидалар жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз, онымен «Ашық НҚА» порталында сілтеме бойынша танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14589570

немесе Агенттіктің сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/476130?lang=ru

Жобаға ескертулер мен ұсыныстар электрондық мекенжайға қабылданады a.kalymbetuly@azrk.gov.kz

Фото ашық көздерден алынған.