Келісу комиссиясының отырысы

Келісу комиссиясының отырысы

Монополияға қарсы органмен 2020 жылғы 14 сәуірде «Москвичи» ЖШС-нің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 100 өтініші негізінде, мемлекеттік сатып алуда бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасын қарау бойынша келісу комиссиясының отырысы өткізілді.

ҚР енгізілген төтенше жағдайды назарға ала отырып, аталған келісу комиссиясы «Zoom» коммуникациялық бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қашықтықтан өткізілді.

Келісу комиссиясына монополияға қарсы органның өкілдері, тергеп-тексеру объектісінен тәуелсіз сарапшы, «ҚР кәсіпкерлер және қызмет көрсетушілер қауымдастығы» ЗТБ-ның өкілі, сондай-ақ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі қатысты.

Аталған отырыстың қорытындысы бойынша, келісу комиссиясының мүшелері лауазымды тұлғаларға комиссия мүшелерінің және тергеп-тексеру объектісінің ескертулерін ескере отырып, қорытынды жобасын пысықтауға ұсыныс жасалды.

Келісу комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда лауазымды тұлғалар дәлелді қорытынды жасауға құқылы, оны келісу комиссиясымен қайта қаралатын болады.