«ҚАЗАҚСТАН» ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ» САУДА ҮЙІ» ЖШС МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН 1,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

«ҚАЗАҚСТАН» ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕНІ» САУДА ҮЙІ» ЖШС МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН 1,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

             «ТЭК-Қазақстан «Сауда үйі» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) қатысты монополияға қарсы тергеу аяқталды.

             Қызметтер кешеніне (дизель отынын қабылдау, сақтау және босату) монополиялық жоғары бағаларды белгілеу арқылы үстем жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды.

             Бұған дейін Серіктестікке қатысты ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске бастамашылық жасаған болатын.

          2023 жылғы 20 сәуірде Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі соты Серіктестікке қатысты 1,6 млрд. теңге әкімшілік жаза қолданды.

             2023 жылғы 24 мамырда Астана қаласының соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Демек, сот шешімі заңды күшіне енді.