
Қостанай облысы бойынша монополияға қарсы органмен азық-түлік өнімдері мен медициналық маскалардың бағасын белгілеуге, ұстауға немесе негізсіз өсіруге әкелетін ірі жеткізушілердің, өндірушілердің бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттеріне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізілді.
2 наурыздан 26 наурызға дейінгі кезеңде үстем жағдайды теріс пайдаланудың анықталған белгілері және келісілген іс-әрекеттер бойынша 14 хабарлама шығарылды), оның ішінде:
1) ет жеткізушілерге («Meet Life» ЖШС, «BEEFSTREAM» ЖШС, «Север ЕТ» ЖШС);
2) қарақұмық жармасын өндірушіге («Мибеко» ЖШС);
3) ӘМАӨ көтерме жеткізушілерге («Фирма Дамир» ЖШС, «Злак плюс М» ЖШС);
4) ӘМАӨ тізбесіне кіретін көкөніс өндірушілерге - пияз, сәбіз, картоп, қырыққабат («Олжа Ак-кудук» ЖШС, «Тэрра» ШҚ, «Садовод» ШҚ);
5) ірі дәріхана желілері («Витайм» ЖШС, «Фармаком импекс» ЖШС және «Забота Company LTD» ЖШС).
Хабарламалар толық көлемде орындалды.
Субъектілермен сауда үстемесін көтерудің, бағаларды ұстап тұрудың, жекелеген тұтынушыларға өнімді сатудан бас тартудың, тамақ өнімдерін қайта сатуға белгіленген шектеулердің, сондай-ақ медициналық маскаларға сату бағасын белгілеу және (немесе) ұстап тұру түріндегі қаралған белгілері тоқтатылды.
Анықтама ретінде, келісілген іс-қимылдарды тергеп-тексеру хабарлама 10 күндік жұмыс мерзімінде орындалмаған жағдайда және субъект нарықтағы 5% үлес пен болжанып отырған келісімге қатысушылардың барлығының нарықтағы 35% үлесінен асқан жағдайда ғана жүргізіледі.
Қарақұмық жармасының монополиялық жоғары бағасын белгілеу белгілері бойынша өндірушінің доминантына қатысты тергеп-тексеру басталды.
Сондай-ақ, нарықтағы үлесті анықтау үшін 13 тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізіледі.
Сонымен бірге, Департаментте азық-түлік өнімдерінің бағасын күрт көтеру фактілері бойынша «Жедел желі» ұйымдастырылғанын хабарлаймыз. Ыстық желінің телефоны - 8 (7142) 541 897, WhatsApp-87054244220, жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30 - ға дейін.