
Жеңіс күні Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері 98 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Нұрқасым Әжітаевға шаңырағына барды. Агенттік өкілдері майдангерді Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтап, бейбіт өмір сүру мүмкіндігі бергені үшін алғыстарын білдірді!
Нұрқасым Әжітаев Керчьті босату шайқасына қатыстқан. Берлинді жаулап алу кезінде және Курск доғасындағы шайқаста авиациялық қызметтің атты әскерінде соғысқан. Майдангер жеңісті 293-ші атқыштар дивизиясының құрамында Жапониямен әскери шайқастар кезінде қарсы алған.
Ерлігі үшін "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен, "II дәрежелі Отан соғысы" орденімен, "Кеңес Одағының маршалы Жуков" медалімен, "1941-1945 жылдардағы соғыс ардагері" төсбелгісімен және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Кездесу соңында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері соғыс ардагеріне алғыстарын білдіріп, зор денсаулық пен амандық тіледі. Өз кезегінде, Нұрқасым Әжітаев Агенттіктің барлық ұжымына алғысын білдіріп, табыс тіледі.
Біз барлық ерлік көрсеткен ардагерлерімізге бейбіт уақытты сыйлағаны үшін алғыс айтамыз.