ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! СІЗДЕРДІ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! СІЗДЕРДІ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
        Құрметті отандастар!

       Сіздерді шын жүректен Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

       Біз жылда 9 мамырда соғыс жылдарында батылдық пен табандылық танытқан аталарымыздың ерліктерін, ерік-жігері еске аламыз. Жеңістің 78 жылдығында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің қызметкерлері де осы Жеңіске өз үлестерін қосқан жақындарын еске алды.

       Бейнематериалда қызметкерлер ардагер аталардың естеліктері туралы, олардың болашақ ұрпаққа қалдырған өсиеттерімен де бөлісті. Ардагерлеріміз әрқашан бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңыздылығы және кез келген соғыстың қандай қиындықтарға әкелетінін туралы айтып кеткен.

       Ардагерлердің немерелерінің естеліктері туралы мына сілтемеден көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=3f-QhLCoqTo