
БҚДА "Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі Әдістемені бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығына өзгерістер жобасының орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Жоба жоспарлы және жоспардан тыс талдаулар жүргізуді, оның ішінде оларды тағайындау жағдайлары мен тәртібін, талдау жүргізу мерзімдерін қысқартуды, ақпарат жинау рәсімдерін оңтайландыруды, артық бизнес-процестерді жоюды және т. б. көздейді.
Бұл жоба Ашық НҚА сайтында сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14543319 бойынша 19 мамырға дейін қолжетімді.
Талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.