БҚДА: ЖҚС НАҚТЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ?

БҚДА: ЖҚС НАҚТЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ӘКІМШІЛІК ЖАЗАҒА ТАРТЫЛАДЫ?

          Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментінің Астана қаласы бойынша басшысы Тимур Қаленов Хабар 24 арнасында ЖҚС нақты қандай жағдайда монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылатынын айтты.

          ЖЖМ саудасында шектеу қою монополияға қарсы заңнаманы бұзу ретінде саналмайды. Тек үстем жағдайды, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімді іс-әрекеттерін теріс пайдаланған жағдайда ғана БҚДА аталмыш бұзушылықтарды жою немесе тиісті тексеру жүргізу қажеттігі туралы хабарлама енгізіп, шаралар қабылдайды.

         Ең алдымен, БҚДА ЖЖМ қалдығы туралы мәліметтерді сұратады және көлік отынының сату кезінде шектеудің себептерін анықтайды.

         Нарық субъектілерін бәсекелестікке қарсы келісім арқылы іс-әрекеттер жасады деп тану үшін нарықта әрқайсысының үлесі кемінде 5% және жалпы жиынтық үлесі 35% немесе одан да көп пайызды құрауы қажет.

         Ал үстем жағдайды теріс пайдаланған жағдайда нарық субъектісінің үлесі кемінде 35% немесе ұжымдық үстемдік кезінде кемінде 15% болуы тиіс.

         Бірақ нарықта үлестің болуы заң бұзушылыққа дегенді білдірмейді. ЖЖМ сауда кезінде шектеудің негізсіз болғанын дәлелдеу қажет. Мысалы, мұнай өнімдерінің мөлшері болды ма, олардың міндеттемелері әрбір контрагенттің тұтынуын ескере отырып, қолда бар қалдықтардан аспады ма.

         Жалпы, ҚР Конституциясына сәйкес, әр азаматтың кәсіпкерлік қызмет бостандығына, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.

        Сонымен бірге, жоғарыда аталған норма заңмен монополиялық қызметті реттейді және шектейді. Мұндай шектеулер бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер және ҚР КК-де көрсетілген үстем жағдайды теріс пайдалану ретінде саналады.


Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=r9k2Xp92_ow