Монополияға қарсы комплаенс

Монополияға қарсы комплаенс

Монополияға қарсы комплаенс - бұл бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралар жүйесі (ҚР КК 195-1-бабы).

Монополияға қарсы комплаенс фундаменталды қондырғыларға негізделеді, бұл оның теріс салдарын тегістеуге қарағанда, бұзушылықты болдырмау оңай. Егер бұзушылықтар монополияға қарсы органмен анықталатын болса, онда нарық субъектісіне бұл бұзушылық үшін мемлекет бюджетіне айыппұл санкциялары түрінде жоғары бағаны төлеуге тура келеді (тіркелген және айналымдағы), және де жекелеген жағдайларда монополиялық табысты, сот шығындарын және бедел шығындарын тәркілеу.

Осылайша, нарық субъектілері ықтимал бұзушылықтың дербес алдын алуға немесе оны ерте кезеңде анықтауға және тоқтатуға мүмкіндігі бар, бұл  мұндай субъект үшін теріс салдардың ауыртпалығын айтарлықтай төмендетуі мүмкін.

Нарық субъектілері монополияға қарсы комплаенстің сыртқы актісінің жобасын оның ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының нормаларына сәйкестігін белгілеу үшін монополияға қарсы органға жіберуге құқылы.

Монополияға қарсы комплаенстің үлгілік сыртқы актілері ҚР ҰЭМ 2017 жылғы 13 ақпандағы № 65 бұйрығымен бекітілген.

Тұтастай алғанда, монополияға қарсы комплаенс – бұл нарық субъектілерінің монополияға қарсы орган тарапынан санкциялар түрінде болуы мүмкін тәуекелдер және оларды жою тәсілдері туралы білім деңгейін арттыруға, сондай-ақ олардың басқарушылық немесе өзге де шешімдер қабылдауы кезінде жауапкершілікті арттыруға қабілетті тиімді құрал екенін түйіндеуге болады.