
Тергеп-тексеру объектілерінің ("BEST (БЭСТ)" ЖШС, "Идеал Трейд" ЖШС, "Alsanjak" ЖШС, "Адалинн" ЖШС, "Дарсан Көмір" ЖШС, "АлматыУглеСнаб" ЖШС, "Крылов Владимир Игоревич ЖК, "BL Group 2030" ЖШС, "TD Stream" ЖШС, "Евразийский торговый брокер" ЖШС, "Қаражыра" АҚ, "ВостокУгольПром" ЖШС, "Халык Комир" ЖШС, "Alatau TRADE LTD" ЖШС, "steppe Nomad" ЖШС, "city broker" ЖШС, "QAZAVEST Inc.", "Альта и К" ЖШС, "Ақ Алтын Ко" ЖШС, "Корунд-777" ЖШС») өтініштері негізінде, көмірді биржалық сату нарығында бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын қарау бойынша 20 келісу комиссиясы өткізілді.
ҚР енгізілген төтенше жағдайды назарға ала отырып, аталған келісім комиссиялары алғаш рет "Zoom" коммуникациялық бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қашықтықтан өткізілді.
Келісу комиссияларына монополияға қарсы органның өкілдері, тергеп-тексеру объектілерінің өзінен тәуелсіз сарапшылар, "Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы" АҚ өкілдері, сондай-ақ ҚР "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Аталған отырыстардың қорытындылары бойынша келісу комиссиясының мүшелері бірқатар ескертулер жасады, оларды ескере отырып, ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзғандығы анықталған жоқ деп санауға ұсыныс жасалды.
Келісу комиссиясының ескертулері және ұсынымдарымен келіспеген жағдайда лауазымды тұлғалар келісу комиссиясымен қайта қаралатын дәлелді қорытынды жасауға құқылы.
Келісу комиссияларының қорытындылары бойынша хаттамалармен https://beta.egov.kz/memleket/entities/zk/documents/1?lang=ru сілтеме бойынша танысуға болады.