ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

           Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қуат Өтеуов Департаменттің атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтып берді.   

            «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің негізгі міндеті адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу, бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру болып табылады», - деді Қуат Өтеуов.  

            Департаменттің жұмысы бірнеше негізгі бағыттардан құралады:

            1) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін зерделеу;

            2) монополияға қарсы заңнаманы бұзу бойынша тергеп-тексеру жүргізу;

            3) тауар нарықтарындағы анықталған кедергілерді жою жөніндегі жұмыс.

            Департамент 2022 жылы Павлодар облысының ЖЖМ, СМГ, ӘМАТ, есептеу құралдарына қызмет көрсету, сауда үй-жайларын жалға беру тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне 54 талдауды аяқтады.

            Ағымдағы жылы тауар нарықтарына 13 талдау жүргізілді, күріш, күнбағыс майы, сиыр еті, мұнай өнімдерін өндіру және өткізу, СМГ-ны беру және жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету нарықтарында 9 талдау жүргізіліп жатыр.  

            «Талдау жүргізу біздің облыста қандай да бір нарықтардың қаншалықты дамығанын, нақты тауар нарықтарында қандай кедергілер бар екенін және нарық доминанттары тарапынан нарықтық билікті теріс пайдалану болғанын түсінуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды Қуат Өтеуов.

            2022 жылы Департамент ӘМАТ көтерме жеткізушілермен 6 монополияға қарсы комплаенсқа және 1лифтке қызмет көрсету нарығында монополияға қарсы комплаенсқа қол қойылды. Комплаенс нарық субъектісі тиісті тауар нарығында қызметті жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін көздейді. Комплаенс нарық субъектісі тиісті тауар нарығында қызметті жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын адал бәсекелестік саясаты мен ережелерін көздейді.

            «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баға реттеушісі орган еместігін атап өту қажет. Біз тауарларға, оның ішінде ӘМАТ бағасын реттемейміз, белгілемейміз, демек, монополияға қарсы органның құзыретіне кірмейді. Біздің міндетіміз – табиғи монополия субъектілері ұсынған нарықтардан басқа, нарықта доминанттар мен монополистер субъектілердің монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жағдайда ден қою» - деп атап өтті Қуат Өтеуов

            Екінші бағыт бойынша бәсекелестікті қорғау мақсатында Департамент нарық субъектілері монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны анықталған жағдайда хабарламалар, алдын ала ескертулер беру немесе айналымнан 3-5% айыппұл салумен және монополиялық табысты тәркілеумен тергеп-тексеру жүргізу арқылы ден қою шаралары қабылданады

            2022 жылы талдау жүргізу қорытындысы бойынша монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы 33 хабарлама шығарылды. Алдын алу шарасы ретінде жіберілген хабарламалар нарық субъектілеріне тергеп-тексеру жүргізілгенге дейін бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуын өз еркімен жоюға мүмкіндік береді. Нарық субъектілерінің монополияға қарсы органның хабарламаларын орындамауы тергеп-тексеру қозғауға негіз болып табылады.

            Департамент монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері бойынша 2022 жылы 6 тергеп-тексеру жүргізді, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 6, 1 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салумен және монополиялық кірісті тәркілеумен 8 әкімшілік іс қозғалды.  

            Келесі сбъектілерге қатысты 8 әкімшілік хаттама жасалды:      

            -  «Риза-ПВ» ЖШС, ЖК Галимов, ТОО «INTERTRANS C.A.» белгіленген мерзімде ақпарат ұсынбағаны үшін 5 360 250 теңге сомасына;

            -  «ПМХЗ» ЖШС, «City Gas Service» ЖШС үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша - материалдар сотқа жіберілді;

            - «Павлодар қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ лауазымды тұлғасы А.С. Қалияқбаров мемлекеттік органның бәсекелестікке қарсы іс-әрекет фактісі бойынша 459 450 теңге сомасына;

            - «Павлодар қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ лауазымды тұлғасы А.С. Қалияқбаров монополияға қарсы органның нұсқамасын орындамағаны үшін 305 300 теңге сомасына.

            - «УПНК-ПВ» ЖШС ақпаратты толық ұсынбағаны үшін кәсіпорын 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

            Қуат Өтеуовтың айтуынша, қазіргі уақытта Департамент энергетикалық көмірге монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеру жүргізуде. «УПНК-ПВ» ЖШС бойынша шикі кокстың монополиялық төмен бағасын белгілеу белгілері бойынша тергеп-тексеру басталды, бірақ қазіргі уақытта ӘРПК шеңберінде Департаменттің бұйрығына шағымдануға байланысты тоқтатылды.

            Бәсекелестікті дамыту бойынша жұмыс шеңберінде нарыққа кіру кедергілерін анықтау және жою бойынша процестер жүргізілді.

            «Осы мақсатта Департамент жанынан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет" мемлекеттік тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Open Space» диалог алаңы жұмыс істейді, онда облыс кәсіпкерлері мүдделі мемлекеттік ұйымдармен бірлесіп бизнестің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді айтады. Жыл басынан бері 4 отырыс өткізілді», - деді Қуат Өтеуов.  

            Одан басқа, Департаментте Кедергілер жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Бұл кеңеске 13 мүше кіреді, оның 12 - азаматтық қоғамның өкілдері, кәсіпкерлер және 1 - Департаменттің өкілі, бұл қоғам мүддесі үшін кедергілерді барынша объективті бағалауға және жоюға мүмкіндік береді. Кеңес 12 мәселені қарады, оның ішінде жүйелі сипаттағы 8 кедергі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жіберілді және 4 мәселе өңірлік деңгейде шешілді.

            Ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті деңгейде шешілген 4 мәселе қаралды.