МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА АҚПАРАТТЫ ТОЛЫҚ ҰСЫНБАҒАНЫ ҮШІН «УПНК-ПВ» ЖШС-ҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНҒА АҚПАРАТТЫ ТОЛЫҚ ҰСЫНБАҒАНЫ ҮШІН «УПНК-ПВ» ЖШС-ҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

            Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті (Департамент) өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде «УПНК-ПВ» ЖШС-ға ақпарат ұсыну туралы сауал жолдады.
Бірақ, кәсіпкерлік субъектісі сұратылған ақпаратты белгіленген мерзімде толық ұсынбады.

            Монополияға қарсы органның сауалына толық көлемде ақпарат ұсынбау фактісі бойынша Департамент «УПНК-ПВ» ЖШС-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сот қарауына жіберді.

            Аталған соттың қаулысымен «УПНК-ПВ» ЖШС құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

            Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.