
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша монополияға қарсы органмен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы атына монополияға қарсы органмен келісілмеген және қолданыстағы заңнаманың тиісті нормаларына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін бағынысты медициналық ұйымдардың жарғыларынан алып тастау жолымен бәсекелестікті қамтамасыз етуге бағытталған іс әрекеттерді жасағаны үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілермен бағынысты медициналық ұйымдарда дәрілік препараттарды және медициналық тағайындаудағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыру үшін шаралар қолдану үшін нұсқамалар шығарылды.
Заңмен белгіленген мерзімде жоғарыда аталған нұсқама орындалды. Медициналық ұйымдардың жарғылары қызмет түрлері бөлігінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді, бәсекелестікті қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді жасағаны үшін медициналық ұйымдарға тиісті хаттар жолданды.