
Түркістан облысы бойынша монополияға қарсы орган апта сайын азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Түркістан қаласының сауда орталықтарының әрекеттерінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің бұзылу белгілері қарастырылады.
Азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне байланысты 2020 жылдың наурыз айында Түркістан қаласының 3 сауда орталығына бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі туралы хабарламалар жолданды.