
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қазіргі уақытта Агенттік Төрағасының 2022 жылғы 5 шілдедегі № 16 «Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын (СМГ) бөлшек саудада өткізуге уақытша мемлекеттік баға реттеуді енгізу туралы» бұйрығына өзгеріс енгізу туралы мәселе қарастырып жатқанын хабарлайды (бұдан әрі – Бұйрық).
Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес, ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін автогаз құю станцияларында автокөлікке жанармай құю үшін СМГ-ның шекті бағалар дәлізі өңірлер мен шалғай аудандар бойынша (200 (екі жүз) километрден астам) сараланған 1 литр үшін 50-ден 75 теңгеге дейін құрайды.
Сонымен қатар, нарық субъектілерінің, олардың бірлестіктерінің өтініштерін ескере отырып және ҚР Энергетика министрлігі ұсынған есептеулер негізінде бірқатар облыстарда СМГ өткізу кезінде шекті бағаларды көтеру қажеттілігіне қатысты (5-тен 10 теңгеге дейін) Агенттік қазіргі уақытта бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша қажетті іс-шараларды пысықтауда. СМГ-ны сату кезінде шекті бөлшек сауда бағаларын көтеру қажеттілігі көлік қызметтеріне (көлік-экспедиторлық қызметтер, вагондарды беру және жинау қызметтері) шығындардың ұлғаюымен, автомобильге газ құю станциялары мен газ жинақтау пункттерін, жалақы қорын, бөгде ұйымдардың қызметтерін ұстау және қызмет көрсету бойынша шығыстарға тарифтердің ұлғаюымен және т. б. байланысты. Бұдан басқа, магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне «ҚТЖ» тарифтері және жүктерді темір жол көлігімен және локомотив тартымымен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» тарифі ұлғайтылды. СМГ-ның белгіленген бағалар бұрынғы деңгейде сақталған кезде СМГ-ны сатуды шектеу және оның тапшылығы тәуекелдері туындайды.
Осыған байланысты СМГ-ға өткізу бағасын мынадай облыстарда өзгерту ұсынылады: Шығыс Қазақстан облысы 60-тан 70 теңгеге дейін (+10) теңге, Абай облысы 60-тан 65 теңгеге дейін (+5), Алматы облысы 70-тен 75 теңгеге дейін (+5) теңге, Алматы қаласы 65-тен 75 теңгеге дейін (+10), Солтүстік Қазақстан облысы 70-тен 75 теңгеге дейін (+5) теңге.
Бұл ретте, Қазақстанның қалған облыстарында СМГ-ны сатуға шекті бағаларды өзгерту жоспарланбайды.
Бұйрық жобасымен осы жерде танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14474741