Монополияға қарсы орган ведомствосы жанындағы Биржалық комитет

Монополияға қарсы орган ведомствосы жанындағы  Биржалық комитет

Монополияға қарсы органның жанынан, оның құрамына Сауда және интеграция министрлігінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (ЭТҚ), Ұлттық экономика министрлігінің екі комитетінің: бәсекелестікті қорғау және дамыту, табиғи монополияларды реттеу жөніндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген ведомствоаралық Биржалық комитет құрылды.

Биржалық комитеттің негізгі міндеті биржалық саудаға қатысушылардың биржалық саудаға қатысты монополияға қарсы талаптарды («Монополиялық жоғары (төмен) деп танылмайтын тауар биржаларында және электрондық сауда алаңдарында тиісінше өткізілген сауда-саттық барысында қалыптасқан биржалық тауарлардың бағасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 94 бұйрығы), оның ішінде:

- биржалық тауарлардың көлемін біркелкі және тұрақты өткізу;

- лоттардың ең аз және ең көп мөлшерін қолдану;

- биржадан тыс мәмілелерді тіркеу;

- монополияға қарсы органның лауазымды тұлғаларына биржалық сауда-саттыққа қашықтан қол жеткізуін қамтамасыз ету және т.б. қамтитын шараларды сақтауына мониторинг жүргізу болып табылады.

Көрсетілген жұмыстың қорытындысы бойынша Биржалық комитетпен биржалық саудаға қатысушыларға тиісті ұсыныстар шығарылады.

Биржалық комитеттің ережесімен және құрамымен толығырақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің сайтында «Биржалық комитет» бөлімінде танысуға болады.